Әйелдер бір көргеннен ғашық бола ма?

Feb 23, 2025 - 19:18
 0
Әйелдер бір көргеннен ғашық бола ма?

Әйелдер ешқашан да бір көргеннен ғашық болмайды. Дәл мұндай пікірді британ ғалымдары айтып отыр. Ер адамға деген ерекше сезім тұтануы үшін әйелдер кем дегенде алты рет көру керек.  

Ғалымдар жалғызбасты әйелдерді бақылап көрді. Белгілі болғандай, нәзік жандылар жаңа қарым-қатынас құруда аса асығыстық таныта қоймайды екен. Болашақ серігін анықтау үшін әйелдерге алғашқы таныстық кезінде орташа алғанда 45 секунд уақыт кетеді-міс. Алдымен олар ер адамның көзі мен жүзіне қарайды. 

Содан кейін жіті зерттей бастайтын болып шыққан.  Екінші, олардың көзге түсетін жері саусағы екен, неке сақинасы бар-жоқтығын анықтау үшін. 

Содан соң барып киім киісі, тұлғасы мен ортада өз-өзін ұстауы, сөз сөйлеуі бағаланады.  Нәзік жандылар қауымы тіпті бір көргенде дене бітімі мен терісін, тырнағын да қарап үлгереді екен. Осыдан соң ғана барып олар сол адаммен қарым-қатынасты ары қарай жалғастыру керек пе, жоқ па екендігін шешеді. 

Дереккөз: massaget.kz

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.