Аяз атамен телефон арқылы тілдесуге болады

Feb 23, 2025 - 14:30
 0
Аяз атамен телефон арқылы тілдесуге болады

Бразилиялықтар Жаңа жыл мерекесіне орай балаларға ерекше сый жасады. Бұрындары Аяз атаға мейрам жақындағаннан балалар өздерінің арман-тілектерін хатқа жазып білдірсе, енді телефон арқылы да жеткізуге болады. Бразилияда кішкентай балалар Аяз атамен хабарласып, өз армандарын айтуы үшін сиқырлы телефон-автомат қондырылды.  Рио-де-Жанейродағы "Oi" телекоммуникациялық компаниясы орнатқан телефон будкасы көпшіліктің көзайымына айналып отыр. Бейнемонитордан арнайы қарап отырған актерлер барлық сұрақтарға жауап беріп, балалардың қуанышын арттыруға, тілек-үмітін орындауға міндетті. Өз кезегінде бала телефонмен сөйлесіп тұрғанда, арт жағына тосын сый келіп қойылады. Сол мезетте қар жауып, көшенің арғы бетінде жаңа жылдық безендірулер пайда болады. Ал оның қасынан сиқырлы бұғылар жүріп өтіп, жаңа жылдық ән салу үшін балалардан құрылған хор жинала кетеді.

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.