Ақымақпен дос болма, жақсылық ойлап та қиянат жасауы мүмкін

Ақымақпен дос болма, жақсылық ойлап та қиянат жасауы мүмкін. Сараңмен дос болма, сен мұқтаж болғанда жаныңнан табылмас. Қызғаншақпен дос болма, басыңа күн туғанда көк бақырға сатып кетеді. Өтірікшімен дос болма, ол сағым сияқты: алысты жақындатып, жақынды алыстатып жібереді.

Dec 15, 2024 - 07:02
 2
Ақымақпен дос болма, жақсылық ойлап та қиянат жасауы мүмкін
Photo by Esten

Сүлеймен сұлтан:

1. Ең үлкен қазына – ақыл. Ең қорқынышты қайыршылық – надандық. Ең қауіпті күнә – өзіңді артық санау. Ұрпағыңа қалдырар ұлағатты мұра - жақсы мінез.

2. Ақымақпен дос болма, жақсылық ойлап та қиянат жасауы мүмкін. Сараңмен дос болма, сен мұқтаж болғанда жаныңнан табылмас. Қызғаншақпен дос болма, басыңа күн туғанда көк бақырға сатып кетеді. Өтірікшімен дос болма, ол сағым сияқты: алысты жақындатып, жақынды алыстатып жібереді.   

3. Егер шешім қабылдағаннан қиын нәрсе болса, ол қабылданған шешімнен бас тарту. Кейде бұл әлсіздік, кейде артықшылық.

4. Басыңа түскен қиындыққа төзе алмасаң, қайғы артыңнан қалмайды. Алға бір қадамда баса алмайсың.

5. Эй, махаббат, мен келістім, келе бер... Жүрегімді кеудеме сыйдырмай, өлтіре бер күн сайын... Ал, сосын бір сүйіспен қайта тірілт өмірге... Жылуың мен нәзіктігіңе бөле... Жаныма күн болып шуақ шаш, айдың нұрына жасыр...

6. Егер мен өлсем, менің күнәм сендік болады. Өйткені, мені қинаймын деп тамырымда ыстық қан болып тулайсың.

7. Нағыз еркек екі жағдайда көзіне жас алады: шынайы махаббат пен өлімнің алдында ғана.

8. Ар азабының алдында әлем падишасы да адам болып қала береді.

 

Хюррем сұлтан:

1. Мыңдаған сұлу сенің есіміңді айтып айғайласа да, менің сыбырым бәрінен зор естілер.  

2. Бірде бір от мені өртей алмайды. Өйткені, от деген менмін!

3. Жанымның  падишасы, Сіздік әділеттің алдында қылша мойным талша!

Аударған Шынар Әбілдә

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.