Бір өзеннің балығын бір күнде тауысқан

Feb 23, 2025 - 19:05
 0
Бір өзеннің балығын бір күнде тауысқан

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа». Африканың Мали жерінде балық аулаудың ерекше салты қалыптасқан. Антого өзенін жергілікті тайпалар қасиетті санайды. Өзен кішігірім болғанымен ондағы балықтар мол. Жыл бойы қасиетті өзеннен балық аулауға тиым салынған. Салт бойынша балықты тек  365 күннің бір күнінде ғана аулауға болады. Көптен күткен атаулы күнде ауыл-аймақтың тұрғындары өзен басына жиналады. Тайпа көсемдері түрлі дұғалар оқып, жоралғылар жасайды. Көсем содан кейін ғана қаптаған қара нәсілділерге белгі береді де, белгіні күтіп тұрған мыңдаған адамдар бірден өзенге қарай тұра жүгіреді. (Дәл осы кезде көгілдір өзеннің беті «қара түнекке» айналғанын елестетіп көріңізші?!) Антогоның бір жыл бойы «тайраңған»   балықтары 15-20 минуттың ішінде топалаңға ұшырайды.

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.