Біртүрлі салықтар

Feb 23, 2025 - 19:21
 0
Біртүрлі салықтар

Францияда дәулетіңіз тасыған сайын мемлекетке төлейтін салығыңыз да көбейе береді. Байлығы 1 миллион еуродан асатын байларда ол тапқан талыстың 75 пайызын құрайды. Бұл талапқа шыдай алмаған көптеген байлар Францияның азаматтығын бас тартып, шетелге көшіп жатыр. Француздың атақты актері Жерар Депардье француз болғаннан гөрі, орыс болғанның арзан екендігін айтып Ресей азаматтығын қабылдады. 

Тарихта ең қатыгез салық 19 ғасырда Пәкістанда болған. Пәкістанды жаулап алған Ранджит Сингхом жергілікті халықтан жылына салық ретінде жүз адамның басын алып отырған. 

Византия империясында ауа салығы енгізілді. Әркім жұтып жүрген ауасы үшін салық төлеген. Ал жұтылған ауаның көлемі оның тұратын үйінің аумағымен есептелген. 

XVIII ғасырда Ява аралының тұрғындары параға салық төлеген. Салықтың көлемін мемлекет шенеуніктердің атқарып отырған лауазымына қарай белгілеген. 

Бірінші Петр сақалға да салық салған. Бұл салықты төлеген адамға арнай жетон беріліпті. Әлгі жетоннның екі жағында жазулары болған деседі. Бір жағында «ақшасы төленген» деген, келесі жағында «сақал бос әурешілік» деген жазу болыпты. 

Башқұрлар көздің түсіне қарап салық төлген. Көзіңіз неғұрлым қара болса салықты соғүрлым аз төлейсіз. Башқұрлардың түсінігі бойынша таза қанды башқұрлардың көздері тұнық қара болуы тиіс екен. Қара көзділер салықты 2 алтынмен, қоңыр көзділер—7 алтынмен, жасылкөзділер 10 алтынмен, көккөзділер 13 алтынмен төлеген. 

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.