Болат Нұретдинұлы Жұмаділов

Болат Нұретдинұлы Жұмаділов - 1973 жылы туылған, боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000), әуесқой бокстан әлес чемпионы (1999), Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (1996,2000).
Бокспен 12 жасынан бастап айналысқан. 1990 – 97 жылдары аралығында Қазақстанның, ТМД елдерінің (1992) чемпионы.
Алғашқы жаттықтырушысы Ф.Цой болды (Тараз қаласы). Орталық Азия ойындарының (1995, 1997), 2-ші Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Корея) чемпионы. Жұмаділов Дүние жүзі чемпионаттарының (1995 жылы, Берлин, Германия, 1997 жылы, Будапешт, Венгрия) қола, 26-Олимпиада ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) күміс және Дүние жүзі чемпионатының (1999, Хьюстон, АҚШ) алтын, 27-Олимпиада ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері. “Құрмет” орденімен марапатталған.
What's Your Reaction?






