Эклер

Feb 15, 2025 - 06:57
 0
Эклер

1,5 ст суды 200 гр сары маймен араластырып  бір қайнатып аламыз. 2 стакан ұн қосып әбден араластырамыз, кейін 8 жұмыртқа қосып жақсылап араластырамыз. Дайын болған қамырды арнайы аспаздық шприцпен түйір түйір етіп немесе бас бармақтың көлеміндей ұзынырақ етіп (немесе өзіңіз қалаған басқа көлемде, араларын ашық қылып) табаға құйып 200 градуста 20-25 минут пісіреміз. 

Кремін дайындау үшін 1 стакан сүтке 1 ас қасығы ұн, жарты стакан шекер, 1 пачка ванилин қосып баяу отта араластырып тұру керек. Қоюланғанында крем дайын болады. 

Кремді аспаздық шприцпен піскен эклерлердің ішіне құйып шығу керек. Осымен эклеріңіз дайын, ас болсын!

Қосымша мәлімет: Дайын болған эклерлердің бетіне шоколадты ерітіп құйып әрлеуге де болады. Аспаздық шприц жоқ болса қамырды табаға ас қасығымен де құйып шығуға болады және піскен эклердің ішіне кремді жаңа медициналық шприцпен де амалдап құюға болады.

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.