Геннадий Головкин

Геннадий Головкин (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) - орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы, әуесқой спортшылар арасында бокстан Әлем чемпионы (2003), Афинада өткен Олимпиаданың (2004) күміс жүлдегері.
Кәсіпқой бокста IBF, WBA, IBO бойынша екі дүркін Әлем чемпионы. Әлемдік бокстағы бірнеше тұжырымдар бойынша орта салмақтағы қазіргі уақыттағы Әлем чемпионы IBO (2011-2018, 2019 - қ.у);
WBA (2010–2018, 2022–2023); WBC (2016–2018), IBF (2015–2018, 2019–2023). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан, үздік боксшылардың ондығына кіреді (2018).
Америкалық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстан 7 дүркін чемпионы, 2000 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, Қазақстанның тұңғыш өткен спартакиада ойындарының чемпионы (2001), 2001 жылы өткен мұнай өндіруші елдер арасындағы Кубок жеңімпазы, III Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001).
2024 жылғы 26 ақпаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінінің басшысы болып сайланды.
Головкин өз отаны Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемдегі бокс әуесқойларының құрметіне бөленген. Ол тек спортшы ғана емес, өз елінің мәдениетін, тарихын насихаттаушы ретінде де танымал. Қоғамдық жұмыстарда белсенді, қайырымдылықпен айналысатын Головкин жанкүйерлерімен тығыз байланыста болып, әлеуметтік желілерде өзінің қызығушылықтары мен ойларын бөлісіп отырады.
Боксшының басты жеңістері мен титулдары:
* WBA (Super) орта салмақтағы әлем чемпионы (2010–2018)
* IBF орта салмақтағы әлем чемпионы (2015–2018)
* WBC орта салмақтағы әлем чемпионы (2016–2018)
* IBO орта салмақтағы әлем чемпионы (2010–2018)
Бокстағы басты қарсыластары
Головкиннің мансабында көптеген атақты боксшылармен жекпе-жектер болды. Сауль "Канело" Альварес, Даниэль Джейкобс, Мартин Мюррей, Келл Брук сияқты боксшылармен болған кездесулер ерекше елеулі болды.
Қазіргі уақытта Головкин өзінің мансабын жалғастырып, әлемдік бокс аренасында үлкен ықпалын сақтап келеді. Оның мұрасы бокс әлемінде әлі де кеңінен танымал және ол көптеген жастар үшін үлгі болып табылады.
What's Your Reaction?






