Холокост қырғынын жоққа шығарғандар сотталады

Feb 23, 2025 - 13:59
 0
Холокост қырғынын жоққа шығарғандар сотталады

Берлин соты 88 жастағы неміс кейуанасы Урсула Гавербекті алты айға қамауға алу жөнінде үкім шығарды. Сотталушы ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып бойынша кінәлі деп танылған. Мәселе сотталушының Холокосты жоққа шығаруына қатысты болып отыр. 

У.Гавербек бұған дейін де Екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияда еврейлердің жаппай қырып-жойылғанын жоққа шығарғаны үшін жауапқа тартылған екен. Оның айтуынша, фашистердің еврейлерді газ камераларына қамап, улап өлтіргенінде, соның ішінде Освенцим лагеріндегі қырғында шындық жоқ.  Сот үкіміне қарағанда Гавербек бұл жолы өзінің айтқанынан қайтпаған. 

Ал оның адвокаты аталған факт бойынша қылмыстық қудалау жүргізу сөз бостандығына нұқсан келтіретіні айтып отыр. Үкім әзірге күшіне енген жоқ. Егер апелляциялық алқа үкімді күшінде қалдырса, 88 жастағы кейуана түрмеге қамалады. 

Холокосты қолдау немесе жоққа шығару Германия заңдары бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен немесе айыпұл салумен жазаланады. 

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.