Көбелек туралы қызықты деректер

Feb 23, 2025 - 19:08
 0
Көбелек туралы қызықты деректер

Әрбір көбелектің өзіне тән иісі болады екен. Бір қызығы олардың иістерінен түрлі гүлдердің иісі аңқиды.  Мәселен  ванильдің, шашақгүлдің, бүлдіргеннің, қазтамақтың, тіпті кейде шоколадтың.  Ал аталық ақ көбелектерде қызыл қазтамақтың, лимон гүлінің иісі бар екен. Қос қанаттылар қарама-қарсы жыныстағы көбелектердің назарын аудару және жауларын қорқыту үшін қолданады. Қызығы, аналық көбелектердің иісі адамға ұнаса, аталық көбелектердің иісі жағымсыз қабылданады.

Кіп-кішкентай жәндіктің сезім мүшесі адамға қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Олар тәттіні біздің тілімізден де артық біледі. Сондай-ақ түсті де жақсы ажырата алады. Керек десеңіз, адам көзі байқай алмайтын ультракүлгін сәулелерін де тез қабылдайды екен. 

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.