Көк шөптер

Feb 8, 2025 - 06:10
 0
Көк шөптер

Балдыркөк (сельдерей): Тамыры да, жапырақтары да тұтынуға жарамды көкөніс. Құрамындағы А, В, РР, С, К дәрумендері мен ферум, калий, кальций, магний, фосфор минералдары арқылы денсаулыққа өте пайдалы. Сондай-ақ, бұл өсімдік қышқылдар мен эфир майларын қамтиды. Бұлар арқылы стрес пен жүйке күйзелісін басуға септігін тигізеді. Зәр жүргізуге, шекер деңгейі мен қан қысымын реттеуге көмекші әсері бар. Балдыркөкті әсіресе қыс мезгілінде көбірек тұтынуға кеңес беріледі.

Аскөк (укроп): Әртүрлі тағамдарда дәмдеуіш ретінде қосылатын шөптердің бірі. Құрамы магний, ферум, кальций, марганец секілді минералдар мен А және С витаминдеріне қанық келеді. Біршама ауруларға қарсы әсері бар аскөк иммунитетті нығайтуға көмекші болып табылады. Ауыз иісін кетіру, іштің желденуінің алдын алу тұрғысынан және талшық мөлшерінің көптігі арқылы да ас қорыту жүйесіне пайдалы болып табылады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде аскөк тұтыну триглицерид деңгейін 50%, холестерин деңгейін 20% азайтатындығы анықталған.

Ақжелкен (петрушка): Иммунитетті күшейтуші, жүрек ауруларымен қатерлі ісіктен қорған, тіс және тіс еті ауруларының алдын алушы, зәр айдаушы және талшық мөлшерінің көптігі арқылы денсаулыққа өте пайдалы өсімдік. Салаттар мен тағамдарға дәм қатушы ретінде қолданылатын ақжелкен А, С, Е және К дәрумендері мен В9 дәрумені, яғни фолий қышқылының қайнар көзі. Сондай-ақ калий, ферум минералдары тұрғысынан қанық болып табылады.  

Қымыздық (щавель): – құрамында минералды тұздар, органикалық қышқылдар (алма, лимон), ақуыздар, флавоноидтер, қанттар, каротин, дубильді заттар, кальций, калий, магний, темір, B1, В2, С, К, PP дәрумендері бар. Бұл асқорыту, бауыр мен өт қабының қызметін жақсартатын, жараны жазатын, қан кетуді тоқтатын дәруменді және емдік өсімдік. Ол қан аздықта, жүрек қан тамыр ауруларында, аллергияға қарсы құрал ретінде терідегі әртүрлі бөртпелер мен қышымаларда да пайдалы. Қымыздықтың жапырақтары мен жемістері бырыстырғыш және ауруды басатын, жапырақтары жараны жазатын, антитоксиндік, қабынуға қарсы қасиетке ие.

Кинза: Балғын кинза көкөніс салаттарына тамаша қоспа болып табылады. Оны кептіріп, дәмдеуіш, қоспа түрінде де пайдаланады. Кинза B1, B2, C, P, Е дәрумендеріне, натрий, йод, кальций, калий, фосфор минералдарына бай.  Көне заманнан бері медицина саласында пайдаланылып келеді. Ежелгі римдіктер тәбетті ашуда, асқазанның жұмыс істеу қабілетін жақсартуда қолданған. Кинза жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартуда, ұйқысыздық, депрессия, тамақ, бас ауруларына өте пайдалы. Емшілер кинзаның тері қабаты мен көздің көру қабілетіне де жағымды әсер беретінін байқаған.

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.