Панк стилінің негізін салушы туралы деректі фильм

Feb 23, 2025 - 14:57
 0
Панк стилінің негізін салушы туралы деректі фильм

Британдық Dogwoof кинокомпаниясы Вивьен Вествуд туралы Westwood: Punk, Icon, Activist ("Вествуд: Панк, икона, активист") аталатын деректі фильм дайындап жатыр. Картина режиссері Лорна Такер осыған дейін Nike компаниясы мен атақты кутурье Александр Маккуин туралы деректі фильмдер түсірумен айналысқан. Фильмнің басым бөлігін Вествудтың дизайнер әріптестері, жұмысшылары, достары мен ұлы Джо Коррадан алынған интервью құрайды. 

Такердің айтуынша, Вествудтың сүйіктісі, әлем таныған музыкант Малкольм Маклар туралы да естеліктер болады екен. Картинада дизайнердің жеке мұрағатындағы таспалардан үзінділер ұсынылады. Фильмнің ресми релизі 31 наурызға жоспарланып отыр. Бір қызығы, фильм шықпай тұрып Вествуд компаниясы өкілдері сән үйінің твиттер парақшасына мынадай пікір қалдырыпты: "Вивьеннің активистік қызметін көрсететін фильм түсіремін деген Лорна Такердің бірнеше жыл жасаған жұмысынан дизайнердің белсенділігін көрсететін 5 минуттық мартериал да таппадық. Фильм ғаламтордан-ақ табуға болатын деректер негізінде жасалған. Нашар". Бұдан кейін релизге ешкім келмейтін шығар. Не пиардың бір түрі ме екен?

Дереккөз: massaget.kz

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.