Су астында қалған мұнара

Feb 23, 2025 - 19:06
 0
Су астында қалған мұнара

Италиядағы  Ресиа көлінің ортасында жалғыз мұнара тұр. Көлкіген судың ортасындағы қалқиған ғимаратты көргенде мұнараны көлдің қақ ортасына тұрғызудың қаншалықты қажеті бар еді деген ойға қаласыз? Негізінде  ол осыдан 60 жыл бұрын су астында қалған Граун қаласының мұнарасы.  Ертеректе екі көлді қосып, бір үлкен көл жасауды жоспарлаған. Бұл іске жергілікті тұрғындар қарсы болғанымен, беделді компаниялар өздерінің ойларынан қайтпаған. Сөйтіп су қоймаларының ортасында орналасқан қала су астында қалыпты. Бірақ бұл қоңыраулы мұнара керемет құрылыс үлгісі екенін дәлелдеп, әлі күнге дейін көл ортасында сақтаулы тұр.  Бүгінгі таңда туристер жағалауда қыдырып, таңғажайып табиғат көріністерін тамашалай алады.

What's Your Reaction?

Like Like 0
Dislike Dislike 0
Love Love 0
Funny Funny 0
Angry Angry 0
Sad Sad 0
Wow Wow 0
Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.