Әлемдегі ең әдемі қырыққабат қандай?

Біз қырыққабатты күнделікті көріп, тұтынып жүрміз. Ал әлемдегі ең әдемі қырыққабаттың атауын білесіз бе? Ол Романессо қырыққабаты. Оның ерекшелігі күрделі геометриялық фигураға ұқсайды. Сондай-ақ ортасындағы гүлдері көкөніске әсемдік беріп тұрады. Оның салмағы 300-600 граммға дейін барады. Романессо фолии қышқылы, каллий және С дәруменіне бай. Әлемдегі ең әдемі қырыққабатты италиялықтар көп тұтынады екен. Одан жасалатын тағамдардың мәзірін олар көбінше құпия сақтайды. Романессо француз тілінен аударғанда «римдік қырыққабат» деген мағынаны береді екен.
What's Your Reaction?






