Артық салмақ қалай тастауға болады
Артық салмақ пен қиындықтардан арылудың басты ережелері
Артық салмақтан арылу үшін сізге бар күшіңізден айыратын диеталарда отырудың да, бірнеше сағаттық жаттығулармен айналысудың да қажеті болмайды. Арықтаудың құпиясы –қарапайым. Ұлы Майя Плисецкая айтпақшы, «салмақ тастағыңыз келсе – аузыңызды тігіп тастаңыз». Әрине, сізге аштан өліп қал деп тұрған ешкім жоқ. Алайда, тамақ жеу мәдениетіне үйрену ешқашан да кеш емес. Ол үшін келесі ережелерді сақтасаңыз болды:
- Тамақты аз мөлшермен, бірақ жиі жеңіз. Әдетте артық салмақ асқазанның шамадан тыс созылып кеткендігінен пайда болады. Асты көп жеп, асқазанды үйретіп алғаннан кейін, асқазаныңыз да тамақты үнемі сондай көлемде сұрайды. Әрине, бұндай жағдайда арықтау туралы әңгіме қалай туындамасын? Енді не істейсіз? Тамақты аз жеп үйреніңіз. Ортақ асты жемеңіз, дастарханда тұрған салатқа қарай қол созбаңыз. Өзіңізге асты бөлек салуды үйреніңіз, сонда бір отырғанда қанша тамақ ішіп-жейтініңізді көре аласыз. Егер де таңғы ас пен түскі астың арасында қарныңыз ашса, алма немесе апельсин жеңіз. Тәжірибеде бірінші екі күні қиналасыз. Бірақ кейін астанудың жаңа жүйесіне дағдыланып кетесіз.
2. Зиян тамақтан бастартыңыз. Тәтті және майлы тамақтың дене мүсініне қауіпті екендігін бәрі де біледі, алайда көбісі шоколад, нан, қытырлағыш чипсы жеуден ешқашан қашпайды. Қызығы, соның бәрі үй жағдайында артық салмақ тастауды армандайды! Парадокс деп ойламайсыз ба? Адамдар өздерінің өмір сүру салттары мен артық салмақтарының байланысын көрмейтін сынайлы. Әлдер олар өздерін пайдалы тағам жеуге күштей алмайтындай соншалықты еріншек пе? Бар керегі, өзіңді тәтті мен майлыдан шектеп, ақ нанның орнына қара нан жеу ғана.
3. Баяу және аз мөлшемен астаныңыз. Егерде артық салмақтан арылғыңыз келсе, аузыңызға апарар кез келген затты барынша майдалап, сосын оны ұзақ шайнағаннан кейін ғана жұтыңыз. Мамандардың айтуы бойынша, адам тез жегендіктен, оның ағзасы қашан тойғандығын түсінбей қалады. Сондықтан сигналды кеш береді, ал ол уақытқа дейін сіз біраз затты төңкеріп жеп қоясыз. Сол себепті, асықпаңыз. Артыңыздан ешкім қуып келе жатқан жоқ.
4. Кешкі сағат алтыдан кейін тамақ жемеңіз. Диетологтар кешкі уақытта тойып тұрып ұйқыға жатқан адамдар артық салмақтан жиі зардап шегетінін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Себебі адам ағзасы ұйқы дейін барлық тамақты қорытып үлгермейді, ал артық калориялар іште, белде және санда артылып қалады. Және де осылай жиналған килограмдардан үй жағдайында құтылу оңай емес. Сондықтан кешкі уақытта аузыңызды тиыңыз. Қарныңыз қатты ашып кетсе, алма жеңіз немесе бір стакан майсыздандырылған айран ішіңіз. Өзіңізді кешкі астан бір сәтте айыра алмасаңыз, онда әуелі кешкі тамақты сегіз жарымға, сосын жетіге, сосын алтыға қарай жылжытыңыз.
5. Өзіңізбен келісімге келуді үйреніңіз. Сізді өзіңізден артық ешкім де білмейді. Кей жағдайда бұл факт үй жағдайында арықтағысы келетіндерге қарсы ойнайды. Қарапайым мысал келтірейік, әйел адам үйінде тоқаш пісіріді. Әрине, оның дәмін татқысы келеді. Алдымен өзін – өзі қолда ұстауға тырысады, кейін жай ғана дәмін татып көремін, тұзы аз ба, жақсы піскен бе деп ойлана бастайды да, сол тоқаштың бір бөлігін аузына апарады. Сосын тағы, тағы, тағы. Аяғында не болады? Дұрыс, сол тоқашты тауысып тынады. Өзіңіздің ішкі ойыңызды арықтауға көндіріңіз, сонда ол сізді тәттіні жегіңіз келген сәтте аман алып қалады. Жаңа піскен нанға қарап сілекейіңіз ағып барады ма? Онда оны қазір жемей, таңғы асқа қалдырыңыз. Сонда өзіңізді де қатты қинамайсыз, артық салмақ та жинамайсыз деуге болады.
Негізі, сол нанды көкөніс салатына немесе жасыл алмаға айырбастағаныңыз пайдалырақ. Бір әзілкеш арықтағың келсе, айнаның алдында жалаңаш отырап тамақ же деп айтқан болатын) Қалай болмасын, бұл әзілдің де астарында шындық бар. Өзіңіздің әр артық салмағыңызды көріп отырсаңыз, тамақ жеуге деген бар тәбетіңіз құрып кетеді. 6. Дұрыс тамақтану, әрине, пайдалы. Алайда, физикалық жаттығуларсыз үй жағдайында артық салмақ тастау қолыңыздан келмейтін болар. Қандай спортпен айналысамын десеңіз де, өз еркіңізде. Біз тек қана спорт тәсілдерінің бірнеше түрін ұсынамыз.
Үйдегі сауна: моншамен комплекстық арықтау
Монша – арықтаудың тамаша тәсілі екендігін бәрі де біледі. Олай болса, сиқырлы бумен үйде неге қолданбасқа? Сіздің үйіңізде монша болмағаны ештеңі емес, өз ваннаңызда кішігірім сауна жасауға болады. Немесе аптасына бірнеше рет моншаға барып отырыңыз. Айтып кетейік, түрік, орыс, қазақ – кімнің моншасында отырып арықтаймын десеңіз де өз еркіңіз. Бастысы, жақсылап терлеуіңіз керек.
Моншаға барарда есте сақтау керек бірнеше ереже бар. Біріншісі, тұздық пен ішімдікке жол жоқ! Яғни, моншада отырып кептірілген балықпен сыра ішудің қажеті жоқ. Ғалымдар тұз судың ағзадан шығуына кедергі жасайтынын дәлелдеген. Моншада тұздалған қияр жесеңіз, жақсылап терлейтініңіз екіталай. Екінші ереже біріншіге қарағанда да қатал. Ешқандай сусын ішпеңіз. Мүлдем!
Арықтаймын деп шешсеңіз, моншада тек қана ауыз сулауға болады. Болды! Айтпақшы, моншаға түсіп шыққаннан кейін бассейнге бару кеңес етілмейді. Оның өз себебі бар. Моншада барлық артық судан арылған организм кез келген жерден су қорын іздейді. Сондықтан бассейн ішінде ағза су қорын жинайды. Төзімділік көрсетсеңіз 2-4 килограм артық салмақтан екі жарым ғана сағатта арыласыз.
Күнделікті жаттығулар: арықтауды жалғастырамыз
Артық салмақ тастаудың келесі жолы – күнделікті таңғы жаттығу жасау. Бұндай жаттығудар тек қана арықтауға ғана көмектеспейді, сонымен қатар денсаулықты да күшейтеді. Өзіңізді әлдеқайда жақсы сезіне бастағаныңызды байқамай қаласыз.
Шаршағанның орнына сергек жүрісіз. Айтпақшы, таңғы жаттығуды жүгіруге айырбастап, целлюлитті кетірсеңіз де болады.
Бір сөзбен айқанда –қимылдаңыз. Арықтау үшін пайдалы тамақтану – аз. Күні бойы диванда көкніс салатын құшақтап жатсаңыз, одан ешқандай пайда көрмейсіз. Тәжірибе бойынша, арықтауға қаншалықты күш жұмсасаңыз, сонша килограмм артық салмақ тастайсыз.
What's Your Reaction?