Интернетті біржола өзгерткен 11 адам

Интернеттің соңғы онжылдықтарда өте жылдам дамығаны, бүкіл әлемді “шарлап”, адамдардың өмір сүру дағдысын қайтып келмейтіндей өзгерткені көпшілікке мәлім.

Nov 25, 2024 - 13:13
 0  3
Интернетті біржола өзгерткен 11 адам
IT-tirlik онлайн жұрналы

Интернеттің соңғы онжылдықтарда өте жылдам дамығаны, бүкіл әлемді “шарлап”, адамдардың өмір сүру дағдысын қайтып келмейтіндей өзгерткені көпшілікке мәлім. Оның орнын ештеңе баса алмайды, оған балама жоқ. Интернет білім алуға, жаңа затты білуге құштар адамның немесе ермек етіп, көңіл көтергісі келетіннің шөлін қандыратын ақпараттық, терең көл іспеттес.

Заманның ағысымен арамыздағылар өздерінің мықты жаңа ойларымен осы керемет құралды дамытқан. Және олардың еңбектерінің арқасында саусақтарымыздың жай ғана басуымен бізге бүкіл әлем терезесін ашуда.

IT-tirlik журналы сіздерге Интернеттің дамуына үлкен әсер еткен адамдардың тізімін таныстырмақшы (тізім маңыздылық бойынша құрастырылмаған).

Ларри Пейдж және Сергей Брин – Google Inc.

Өз жұмыстарын достарының гаражында бастаған Стэнфорд Университетінің екі студенті интернеттегі ақпаратты іздейтін ең мықты іздеу жүйесін жасайды.

Google іздеу жүйесін дүние жүзі қолданушылардың 80% жуығы пайдаланады. Бірақ та Google тек іздеу жүйесі ғана емес, басқа да пайдалы тегін қызметтері бар.

Дэвид Фило және Джерри Янг – Yahoo! Inc.

Yahoo! да Google сияқты Стэнфорд Университетіндегі екі студентің туындысы. Бастапқыда интернеттегі сайттардың каталогы ретінде ашылған сайт іздеу жүйелері дамымай тұрған кезде қолданушылар көп кіретін портал болатын.

Билл Гейтс – Microsoft

Уиллиам Генри “Билл” Гейтс III, американдық бизнесмен, филантроп, әлемдегі ең бай адам, Майкрософт компаниясының  төрағасы. Билл Гейтс дербес компьютерлер төңкерісі кезінде танымалдылыққа ие болған кәсіпкер.

Стивен Пол Джобс – Apple Inc.

Стив Джобс Apple корпорациясының негізін қалаушылардың бірі, Pixar анимациялық студиосының бұрыңғы атқарушы директоры.

Өткен ғасырдың 70-жылдары, Джобс, досы Стив Вознякпен ең бірінші коммерциялық табысты дербес компьютерлерді жасап шығарады.

Марк Цукерберг – Facebook

Өзінің әлеуметтік желісімен танымал болған бағдарламаушы, Facebook басқару кеңесінің төрағасы, филантроп Марк Цукерберг 23 жасында әлемдегі ең жас екінші миллиардер атанады.

Алғашында тек Гарвард Университетінің студенттеріне ғана арналған желі 2006 жылдан бастап бүкіл әлемді байланыстыруда. 2013 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша Facebook-ты пайдаланушылар саны 1,11 миллиардты құрайды.

Брэм Коэн – BitTorrent

Бағдарламаушы, peer-to-peer (P2P) BitTorrent протоколын ойлап табуымен танымал. BitTorrent технологиясын күнделікті қолданатындар оның маңыздылығын жақсы түсінер.

Джимми Уэйлс - Wikipedia

2001 жылы әлемге тегін және ашық энциклопедияны сыйлағандардың бірі. Бүгінде ең үлкен онлайн энциклопедия болып есептелетін Wikipedia 287 тілде, жалпы саны 30 миллионнан астам мақалаларды ұсынады. Оның ішінде қазақ тіліді уикипедияда 200 мыңнан астам мақала жазылған.

Мэтт Малленуег - WordPress

19 жасында WordPress блог жүйесінің негізін жасап болған соң, 24 жасында CNET Networks-тағы жұмысын тастап, бүкіл уақытын WordPress ашық және тегін сайт контентін басқару жүйесін дамытуға, соған қатысты қызметтерді коммерцияландыруға арнайды.

Қазіргі таңда интернеттегі барлық сайттардың 21% wordpress-те жұмыс істесе, сайт контентін басқаратын жүйелер ішіндегі сайттардың 59.7%-на  ие. Ал қазақ сайттары ішінде бұл көрсеткіш оданда көп көрінеді.

Тим Бернерс-Ли - World Wide Web

Біз білетін интернеттің негізін жасаған Сэр Тим Бернерс-Лиді ғаламтордың “атасы” деп айтсақ та болады. Танымал британ ғалымы интернеттегі негізгі ұғымдардың концепсиясын жасаған, URI, URL, HTTP, HTML технологияларының авторы, World Wide Web Consortium (W3C) директоры. 

Ақпарат дерегі: IT-tirlik онлайн жұрналы

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow

Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.