Ғалымдар Мариан шұңғымасынан шығатын зор дыбыстың көзін тапты

Oct 31, 2024 - 06:45
 0  3
Ғалымдар Мариан шұңғымасынан шығатын зор дыбыстың көзін тапты

Мұхит және атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың америкалық ғалымдары алғаш рет 2014 жылы Тынық мұхитынан тіркелген зор дыбыстың нақты шығу көзін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Frontiers in Marine Science журналы ерекше шу 10 жыл бұрын Мариан шұңғымасында акустикалық зерттеу жүргізу кезінде тіркелгенін нақтылайды. Айта кетейік, шұңғыманың тереңдігі шамамен 11 шақырымды құрайды. Мамандардың айтуынша, шу металды соққандағы өткір дыбысқа, яғни қоңырау үніне ұқсайды. Бұл құбылыс ғылыми тілде  "биотван" деп аталады (тванг – электр гитараны тартқанда шығатын діріл дыбысына ұқсастырылған термин).

Зерттеу барысында зерттеушілер жұмбақ дыбысты көк немесе өркешті киттер шығарады деп болжады. Алайда, биотван бұл жануарлар шығаратын дыбыстың ешқайсысына сәйкес келмеді. Жаңа мәліметтерге сәйкес, биотвангты ірі мұртты киттер - Брайдтар шығарады. Олардың көлемі 14 метрге дейін, ал салмағы 25 тоннаға дейін барады.

Мариана архипелагы мен оның айналасындағы бақылау станциялары жасаған көпжылдық аудиожазбаларды ғалымдар талдау арқылы дыбыстардың пайда болуын осы түрдің көші-қон жолдарымен салыстырып көрді. Мамандар өз зерттеуіне жасанды интеллектіні пайдаланған. Сонымен қатар зерттеу биотванг Тынық мұхитының солтүстік-батысында ғана естілетінін көрсетті, дегенмен Брайд киттері әлдеқайда кең аумақта жүзеді, демек бұл дыбысты киттердің белгілі бір популяциясы ғана шығарады деп болжанады.

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow

Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.