Қазақ халқының ет тағамдары

Oct 27, 2024 - 12:52
 0  3
Қазақ халқының ет тағамдары
Қазақ халқының ет тағамдары

Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:

Ет (жас ет, сүр ет).
Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.
Жөргем– бунақтап өрілген ішек.
Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.
Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.
Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.
Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.
Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.
Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.
Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам


Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі

Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.
Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
Орта табақ – асықты жілік салынады.
Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.
Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады.
Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.
Сорпа тағамдары
Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы.
Кеспе – қамыр кесінділерін салып пісірген сұйық тамақ.
Тұздық – туралған етке құйылатын майлы сорпа.


Ұн тағамдары
Нан.
Бауырсақ (тоқаш).
Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам.
Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.
Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.
Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.
Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).


Нанның түрлері

Бәтер – ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан.
Жаппа нан – қазанға қарып пісірілген нан.
Зағара нан – жүгері ұнынан пісірілген нан.
Көмбе нан – отқа көміп пісірілген нан.
Кісе нан – ішіне ет, картоп, орамжапырақ салып пісіретін нан тағамы.
Қазанжаппа– қазанға қақтап пісірілген нан.
Таба нан – табаға пісірілген нан.
Тандыр нан – тандырға пісірген нан.

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow

Liondaa Liondaa - пайдаланушыларға саясат, экономика, мәдениет, спорт, технология, ғылым және қоғамдағы өзекті оқиғалар туралы жедел, сенімді жаңалықтар ұсынады. Сайттың мақсаты – оқырмандарға толыққанды ақпарат беру және әртүрлі салалардағы жаңалықтарды бір жерден табуға мүмкіндік жасау.