Қиналып тұрсаң - алда үлкен қуаныш болатыны
Өмір бәрін теңгеріп, есеңді қайтаруға келгенде өте епті. Қазір басыңа күн туып, қиналып тұрсаң - алда үлкен қуаныш болатыны анық. Көз жасыңның әр тамшысын өтейтін риясыз күлкі береді. Өмір сүргің келмей, көңіл бәрінен қалғанда келесі бұрылыста ғұмыр кешуге лайық бір-екі керемет орын алып, бақыттың құшағына құлайтыныңды ғана ойла. Кей сәттерді ерік-жігеріңді жұдырыққа түйіп, үндемей өткізіп жіберу керек. Дәл қазір табан астындағы жер қозғалып бара жатса, ендеше қанат бітіп, көкке самғайтын мезет тақап қалғаны, қуана бер!
Бәрі жақсы болады! Бұл заңдылық!
Алина Ермолаева
Аударған Шынар Әбілдә
What's Your Reaction?