Үнді миллионері 48 млрд теңге болатын ақшасын иті мен екі көмекшісіне мұраға қалдырған
Үндістанның ең ықпалды кәсіпкері Ратан Тата 2024 жылдың 9 қазанында дүниеден озды. Тата өмір бойына бойдақ өткен, сондықтан ол 100 миллион доллардан астам (48 миллиард теңгеден астам) байлығын сүйікті итіне, сарай меңгерушісі мен аспазына мұраға қалдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
86 жастағы миллионер қайтыс болған соң екі аптадан кейін оның өсиеті жарияланды. Өсиетке сәйкес, марқұм өзінің байлығының көп бөлігін өзінің сүйікті неміс овчаркасына, сондай-ақ аспаз Раджан Шоуға және кәсіпкердің басты көмекшісі болған сарай меңгерушісі Конар Суббнахқа қалдырылған. Daily Mail басылымында атап өткендей, кәсіпкер іні мен қарындастарына өзіне тиесілі мүліктердің бір бөлігін бөліп берген.
Өсиетте үй жануары - Титоға "шексіз қамқорлық көрсетілуі керектігі" баса көрсетілген.
What's Your Reaction?